POLICE RUN жүгіру жарысына екі мыңнан астам адам қатысты

Сурет: ІІМ

Астанадағы Триатлон саябағында Қазақстан полициясы күніне орай POLICE RUN жүгіру жарысы өтті. Шара «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны Ішкі істер министрлігінің ARLAN спорт клубы Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп өткізді. Жарысқа екі мыңнан астам адам қатысты.

Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірге елорда тұрғындары, жүгіру әуесқойлары және салауатты өмір салтын ұстанушылар да жарысқа қосылды.

Бұл шара Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік бағдарламаның бір бөлігі болып, бұқаралық спортты дамытуға, қоғамдық бірлікті нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.

Қазақстан ІІМ Ұлттық ұланының Ән және би ансамблі қатысушылар мен қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық…

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Елордада жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам жоғалып кеткен

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Астанада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына байланысты 3…