Categories Ақорда

Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді

Сурет: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының жыл сайынғы отырысы өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға салалық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы ЮНЕСКО комитеттерінің жетекшілері мен басқа да сарапшылық қауымдастықтарының мүшелері қатысты.

Отырыста ЮНЕСКО және ИСЕСКО ұйымдарымен өзара іс-қимылды дамытудың басым бағыттары мен алдағы жоспарлары талқыланды. Ерлан Қарин Президенттің ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықты нығайтуға айырықша көңіл бөліп отырғанын атап өтіп, Мемлекет басшысының осы бағытта берген тапсырмаларын орындаудың маңызына тоқталды.

Жиында жасанды интеллект саласындағы халықаралық озық тәжірибені зерделеу және су мәселесіне қатысты жаһандық күн тәртібін ілгерілету жөнінде нақты міндеттер қойылды.

Сонымен қатар ЮНЕСКО және ИСЕСКО ұйымдарының Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит және ЮНЕСКО аясында ұйымдастырылған Алтын Ордаға арналған халықаралық симпозиум секілді маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қосқан қомақты үлесі жоғары бағаланды.

Отырысқа қатысушылар алдағы іс-шараларға дайындық мәселелерін де пысықтады. Атап айтқанда, ЮНЕСКО штаб-пәтерінде опера әншісі Ермек Серкебаев пен режиссер Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойларын атап өту, сондай-ақ Пусан қаласында ұйымдастырылатын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар комитетінің 48-сессиясына қазақстандық делегацияның қатысуы секілді мәселелер талқыланды. Аталған сессияда Қазақстан ұсынған «Маңғыстаудың жерасты мешіттері» номинациясы қаралады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін екенін жазған едік.

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…