Categories Қоғам

Максим Рожин: Халық кеңесі — жалпыұлттық диалогтің жаңа форматы

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Максим Рожин Ата Заңға енгізілетін бірқатар өзгерісті қолдайтынын білдірді. Ол Халық кеңесін құру мен Вице-президент институтын енгізу қоғамдық диалогті күшейтіп, елдегі басқару сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Максим Рожиннің айтуынша қолданыстағы қоғамдық диалог алаңдары кей жағдайда тұтас жалпыұлттық мүддені қамтамасыз ете алмай отыр. Осыған байланысты Конституцияда Халық кеңесін бекіту — объективті қажеттілік деп есептейді. Оның пікірінше, бұл құрылым азаматтардың заң шығару үдерісіне жүйелі әрі тікелей қатысуына мүмкіндік береді.

Осы тұрғыда Максим Рожин Халық кеңесіне заң жобалары, ішкі саясат және референдум өткізу мәселелері бойынша ұсыныс жасау құқығын беру ұлттық және әлемдік тәжірибеде тиімділігін дәлелдеген озық модель екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай тетік қоғамның белсенді азаматтарына заң шығару процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретінін айтты.

«Бүгінгі қоғам — белсенді және талапшыл. Енді шашыранды диалог алаңдары, түрлі қоғамдық платформалар кей жағдайда тұтас жалпыұлттық мүдде мен талқылауды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан ұсынылған Халық кеңесі — формальді жаңалық емес, объективті қажеттілік», — деді Максим Рожин.

Сонымен қатар ол Халық кеңесінің құрамына этностардың, өңірлердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енетінін атап өтті. Бұл кеңесті мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпірге айналдырып, ұлттық бірлікті нақты іспен қамтамасыз етуге жол ашады.

Баяндамасында Максим Рожин билік тармақтарының жауапкершілігін күшейтуге бағытталған түзетулерге де тоқталды. Ұсынылған өзгерістер «Күшті Президент — Ықпалды Парламент — Есеп беретін Үкімет» қағидатын нақты мазмұнмен толықтырады.

Қорытындылай келе, депутат ұсынылып отырған конституциялық түзетулер мемлекеттілікті эволюциялық жолмен күшейтетінін айтты және комиссия мүшелерін бұл бастамаларды қолдауға шақырды.

 

Ұқсас жазбалар

19 елдің ішінен дара шықты: Қазақстандық оқушылар Литвадағы білім бәйгесінде топ жарды

Қазақстандық оқушылар Литвада өткен халықаралық білім бәйгесінде 19 елдің ішінен дара шығып, топ жарды.

Астанада Абай даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Астанада Абай даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы ішінара шектелді.

Аида Балаева елорда мектебіндегі «ақылды сыныппен» танысты

Астанадағы №99 мектепте TopIQ Smart Class жүйесі іске қосылды. Мүмкіндіктерді министр Аида Балаева өз көзімен…