Categories Қаржы

WhatsApp арқылы алдаудың жаңа әдісі анықталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда алаяқтар WhatsApp арқылы алдаудың жаңа тәсілін қолданып жүр. Олар «WhatsApp қауіпсіздік орталығы» немесе «тексеру қызметі» атынан хабарлама жіберіп, аккаунтқа қауіп төнгенін және оның бұғатталуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Пайдаланушыларға «тексеруден өту» ұсынылып, START немесе VERIFY батырмасын басу сұралады. Полицияның мәліметінше, мұндай хабарламалар белгісіз нөмірлерден келеді. WhatsApp ресми түрде жеке чаттар арқылы мұндай хабарламалар жібермейді және тек өзінің ресми арналарын пайдаланады.

Алаяқтардың мақсаты – пайдаланушылардың аккаунттарына қол жеткізу, растау кодтары мен жеке деректерін ұрлап, оларды кейін қылмыстық әрекеттерде пайдалану. Мамандар күмәнді сілтемелерге өтпеуге, белгісіз батырмаларды баспауға және ешкімге растау кодтарын бермеуге кеңес береді. Мұндай хабарламаларды елемей, жіберушіні бұғаттап, хатты өшіріп тастаған жөн.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанға шетелден көлік әкелу және оны рәсімдеу тоқтатылды

Қазақстанда шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік рәсімдеуде қиындықтар туындады. Бұл мәселе 30 маусым күні кешкі…

Қазақстанда жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті

Қазақстанда 2026 жылдың бірінші тоқсанында жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті, ең жоғары өсім Ақтөбе облысында…

«Қазақмыстан» 2,1 млн теңгенің қорғаныс құралын жымқырған қызметкер сотталды

«Қазақмыс» компаниясының қауіпсіздік қызметі корпоративтік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жүйелі…