Түрік бизнесі Қазақстанға 6 млрд доллар салды – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия әріптесімен кездесуден кейін баспасөз мәслихатында түрік кәсіпкерлерінің елімізге салған инвестициясы 6 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Түрік компаниялары Қазақстанның құрылыс, машина жасау, ауыл шаруашылығы және туризм салаларына белсенді инвестиция салуда.

«Түркия – біздің маңызды сауда-экономикалық серіктесіміз. Түрік кәсіпкерлерінің елімізге деген сенімі артып келеді. Біз бұл инвестицияларды құптаймыз және одан әрі ынталандыратын боламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент екіжақты тауар айналымын ұлғайту және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларына тоқталды. Сонымен қатар, Түркияның Қазақстан экономикасына салған қаражаты жыл сайын өсіп келе жатқанын, бұл елдер арасындағы сенімді серіктестіктің айқын көрінісі екенін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның 16 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 10 маусымға күн райына қатысты ескерту шығарды. Елдің 16 өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ,…

Қытайлық инвесторлар БҚО-да жаңа зауыттар мен электр стансаларын салады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, Ляонин…

Мемлекет басшысы «Digital Qazaqstan» стратегиясын бекітті

Мемлекет басшысы «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Құжаттың мәтіні баспасөзде жарияланады.