Categories Жайық news

Жетісу облысында сұмдық: 3 жасар баласын аяусыз соққыға жыққан әке ұсталды

Жетісу облысында үш жасар ұлын соққыға жыққан әке ұсталды. Бұл сұмдық оқиға әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін қоғамдық резонанс тудырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жайт туралы хабар алдымен ауруханадан келіп түскен. Көп ұзамай желіде кішкентай баланың денесіндегі көгерген іздер анық көрінетін видео тарап, жұртшылықтың ашу-ызасын тудырған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Талдықорған қаласының 34 жастағы тұрғыны анықталып, өз үйінде ұсталды. Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсіру кезінде оның мас күйде болғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта зардап шеккен сәби ауруханада, оған дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…