Categories Қаржы

2-5 пайыздық ипотеканы қалай алу керек?

Сурет: istockphoto.com

«Отбасы банк» жылдық 2 және 5 пайыздық мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген тұрғын үй несиесіне өтінім қабылдауды бастады. Шілде айында бірқатар қалаларда дайын пәтерлер үлестіріледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама аясында несие 20 жылға дейін беріледі. Алғашқы жарна тұрғын үй құнының кемінде 10 пайызын құрайды.

2 пайыздық ипотеканы көпбалалы отбасылар, жетім балалар, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жесірлер, Ұлы Отан соғысының және жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері рәсімдей алады.

5 пайыздық ипотека әлеуметтік осал санатқа жататын өзге де кезекте тұрған азаматтарға, оның ішінде толық емес отбасыларға, қандастарға және басқа да жеңілдік санаттарына ұсынылады.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткер тұрғын үй кезегінде тұруы және әлеуметтік осал топтардың біріне жатуы тиіс. Сондай-ақ «Отбасы банктегі» депозитінде несие сомасының кемінде 10 пайызы болуы қажет.

Шілде айында Ақсайда – 114, Шымкентте – 94, Таразда – 15, Оралда – 21, Ақтөбеде – 7, ал Екібастұзда 23 пәтер үлестіріледі. Барлық тұрғын үйлер пайдалануға берілген және таза әрлеумен ұсынылады.

Пәтерлерді бөлу бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен әкімдік дайын тұрғын үйлерді ұсынады, кейін банк өтінім қабылдайды. Бұдан соң қатысушылардың төлем қабілеті тексеріліп, олар пәтер таңдалады. Осыдан соң тұрғын үйлер үлестіріледі.

Банк мәліметінше, әр тұрғын үй нысанындағы пәтерлердің 70 пайызы ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан ең осал азаматтарға беріледі. Оның 20 пайызы жетім балаларға арналған. Қалған 30 пайызы өзге әлеуметтік осал санаттағы кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.

Ұқсас жазбалар

Докторантураға түсуге құжат қабылдау басталды

Қазақстанда 2 шілдеден бастап докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталды. Құжаттарды 3 тамызға дейін тапсыруға…

Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 9,6%-ға өсті

2025 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 9,6%-ға артып, 4 894-ке жетті. Ең көп кооператив…

Қаржы министрлігінде жаңа Конституция құндылықтарына арналған велошеру өтті

Қаржы министрлігінде орталық аппарат, комитеттер және ведомстволық ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен велошеру мен тимбилдинг ұйымдастырылды.