Categories Әлем

Иран АҚШ-пен келісімнің басты шартын атады

Сурет: istockphoto.com

Иран АҚШ-пен кез келген келісім Вашингтон өз міндеттемелерін орындаған жағдайда ғана жүзеге асатынын мәлімдеді. Бұл туралы Иран президенті Масуд Пезешкиан айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Иран президенті АҚШ меморандумда көзделген талаптарды орындаса, Тегеран да өзіне жүктелген міндеттемелерді толық жүзеге асыруға дайын екендігін мәлімдеді. Тегеран Ливандағы әскери іс-қимылдарды тоқтату – келісімнің басты талаптарының бірі екендігін жеткізді.

Дегенмен жаңа келіссөздердің қашан өтетіндігі әзірге белгісіз күйінде қалып отыр. Бұған дейін Дональд Трамп келіссөздердің Катар астанасы Дохада өтуі мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда Иранның Сыртқы істер министрлігі жақын күндері америкалық тараппен ешқандай байланыс жоспарланбағанын хабарлады.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…