Categories Қаржы

Қонаевта кардиологиялық орталық ашылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қонаевта жаңа кардиологиялық орталық өз жұмысын бастады. Құрылысқа 3 млрд теңге жеке инвестиция тартылған. Мұнда соңғы үлгідегі жүзден астам медициналық жабдық, оның ішінде ангиограф, электрофизиологиялық зерттеу аппараттары мен компьютерлік томографтар орнатылған. 200 медицина қызметкері тұрақты жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Инвестор Бекарыс Жалидің айтуынша, 2025 жылы Алматы облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, сол жылдың сәуірінде құрылыс басталған. Бір жыл ішінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қажетті жабдықтар орнатылып, орталық іске қосылған.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің мәліметінше, орталықта кардиологиялық аурулардың барлық түріне диагностика жүргізіліп, емдеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ стент қою және АКШ операциялары да орындалады. Орталық тәулігіне 150 адамға дейін қабылдауға қауқарлы, жылына 3 мыңнан астам операция жасау жоспарланған.

Мұнда диагностикадан күрделі хирургиялық операцияларға дейін толық циклді медициналық көмек көрсетіледі. Бұл облыс тұрғындарына басқа өңірлерге немесе шетелге бармай-ақ, сапалы медициналық көмекті өз аумағында алуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандықтардың орташа табысы 133 мың теңге: ақша қайда жұмсалады?

Қазақстандықтардың орташа табысы 133,3 мың теңге, шығыны 117,6 мың теңге. Негізгі кіріс көзі – еңбек…

Елімізде пластикалық ота жасайтын клиникаларға тексеру жүргізіледі

Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық хирургия қызметін көрсететін клиникаларға жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Алты өңірде коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға 27,3 млрд теңге бөлінді

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ алты өңір әкімдіктерінің облигацияларын 27,3 млрд теңгеге сатып алып, коммуналдық…