ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ҚАДАМДАРЫ  

Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Саратов облысы мен Қазақстан Республикасы іскерлік қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен маңызды жұмыс кездесуі өтті. Жиын барысында тараптар өндірістік кооперацияны дамыту, стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және екі жақты экономикалық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Ынтымақтастықтың нақты бағыттарының бірі ретінде Саратов облысының «Капитал Транс» АҚ мен жергілікті «Жайықжылуқуат» АҚ арасындағы байланыс сөз болды. Тараптар жылу магистральдарына арналған алдын ала оқшауланған құбырларды жеткізу мәселесін қарастырды. Мұндай заманауи технологиялық шешімдер жылу желілерінің сенімділігін айтарлықтай арттыруға, энергия шығындарын азайтуға және қалалық коммуналдық инфрақұрылымды кешенді түрде жаңғыртуға жол ашады.

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап жылу энергетикасы саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған меморандумға қол қойды. Бұл құжат өзара тиімді әріптестікті нығайтып, жаңа өндірістік байланыстардың орнауына және инженерлік желілерді жаңартуға қосымша серпін бермек.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Жерде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды

Жер бетінде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер…

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігіне 250 жыл толуымен құттықтады.

Көктемгі әскерге шақыру: 21 мың жас сапқа тұрды

Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштері 21 мыңнан астам азаматпен толықты. Жастарға арналған…