Categories Жайық news

Ливия жағалауында қайық апаты болды: 55 адамның тек екеуі ғана тірі қалды

Ливия жағалауында 55 мигрант мінген қайық аударылып, 53 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) мәліметінше, кеме теңізге шыққаннан кейін алты сағаттан соң апатқа ұшыраған.

Іздестіру-құтқару операциясы барысында тек Нигериядан шыққан екі әйелді ғана аман алып қалу мүмкін болды. Қайғылы оқиғада құтқарылғандардың бірі екі баласынан айырылған.

Аман қалғандарға дереу медициналық көмек көрсетілді. ХКҚҰ статистикасы бойынша, тек қаңтар айының өзінде Жерорта теңізінің орталық бөлігінде кем дегенде 375 адам қаза тауып немесе хабар-ошарсыз кеткен.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…