Categories Жайық news

Кентаудағы жантүршігерлік жарылыс: Денесін 90% күйік шалған жігіт көз жұмды

Кентаудағы дәмханада болған жарылыстан ауыр жарақат алған тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жергілікті әкімдік денесінің 90 пайызын күйік шалған жас жігіттің қайтыс болғанын растады. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

1 қаңтарға қараған түні көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласқан болатын. Оқиға салдарынан 18 жастағы студент қыз сол жерде мерт болды. Тағы төрт адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Ауруханаға түскендердің екеуі жансақтау бөлімінде жатқан еді.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі…