Categories Спорт

Аргентина құрамасы Мысырды жеңіп, ширек финалға өтті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Египетті 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Атланта қаласында өткен кездесуде оңтүстікамерикалық команда матч барысында 0:2 есебімен жеңіліп жатып, керемет камбэк жасап, жеңісті жұлып алды.

Египет құрамасынан алғашқы голды ойынның 15-ші минутында Хессем Хассан соқты. Екінші таймның 67-ші минутында Мостафа Зико есепті еселеді. Алайда Аргентина есеп айырмасын теңестіріп қана қоймай, алға шықты. Кристиан Ромеро, Лионель Месси және Энцо Фернандес гол соқты.

Айта кету керек, матчтың 21-минутында Аргентина капитаны Лионель Месси пенальтиді мүлт жіберді. Осылайша ол әлем чемпионаттары тарихында бір турнир барысында екі пенальтиді голға айналдыра алмаған алғашқы футболшы атанды.

Соған қарамастан, Месси бұл матчта гол соғып, 2026 жылғы әлем чемпионатындағы гол санын сегізге жеткізді. Ол сұрмергендер тізімінде Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандты (екеуі де – 7 гол) басып озды. Бұдан бөлек, Месси әлем чемпионаттарындағы жеке рекордын жаңартып, финалдық кезеңдердегі 21-голын кіргізді.

Енді Аргентина ширек финалда Швейцария — Колумбия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ұқсас жазбалар

Аргентина Египетті 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты

Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Египетті 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Әлем чемпионаты: Аргентина мен Мысыр, Швейцария мен Колумбия ширек финалға кім өтеді?

Әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина — Мысыр және Швейцария — Колумбия матчтары өтеді. Жеңімпаздар ширек…

Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты ұлттық құрама сапындағы соңғы турнирі болатынын растады

Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты ұлттық құрама сапындағы соңғы турнирі болатынын растады. Испанияға қарсы…