Астанадағы Марал көпірінің бір бөлігі жөндеуге жабылады

Астанада Марал көпірінің көлік айырығынан бір бөлігі жабылады. Бұл туралы қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жабылатын учаске — көпірдің көлік айырығынан кейінгі бөлігі. Мұндағы жол төсеміне күрделі жөндеу жүргізіледі. Қала әкімдігі жүргізушілерді алдын ала бағдарланып, айналма жолдарды пайдалануға шақырады.

«Жөндеу жұмыстары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз», — деді басқарма өкілі.

Нақты қанша уақытқа жабылатыны әзірге белгісіз. Жол жұмыстарының аяқталу мерзімі туралы қосымша ақпарат беріледі.

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық…

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Елордада жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам жоғалып кеткен

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Астанада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына байланысты 3…