Астанада қыз баланы құтқарған екі азамат полиция марапатына ие болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада белгісіз ер адамның шабуылынан қыз баланы арашалап қалған екі тұрғын полиция департаментінің марапатына ие болды. Оқиға қалалық саябақтардың бірінде болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Белгісіз ер адам кәмелетке толмаған қызға шабуыл жасауға әрекеттенген кезде, қыз көмекке шақырып айқайлаған. Оның дауысын жақын маңда отбасымен демалып отырған азамат естіп, бірден көмекке ұмтылған. Көп ұзамай оған тағы бір куәгер қосылған.

Екі азамат күдіктіні ұстап, құқық қорғау органдары келгенге дейін оқиға орнында бақылауда ұстаған. Көрсеткен батылдығы мен азаматтық ұстанымы үшін Әнуар Мусин мен Павел Саськов Астана қалалық полиция департаментінің арнайы марапатына ие болды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олардың жедел әрі батыл әрекетінің арқасында ауыр салдардың алдын алу мүмкін болған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жазбалар

8 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 8 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына қатысты ескерту шығарды. Аптап ыстық, жаңбыр, дауыл…

Бішкекте ұшақ апаты: «Манас» әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды

Бішкектегі «Манас» әуежайында Tez Jet ұшағы қону кезінде шассиі сынып, сол қанатына қисайып қалды. Жолаушылар…

Астанада Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртенді

Астананың Нұра ауданында Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртеніп, құтқарушылар өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі…