Categories Жайық news

48 елді шаң қаптырды: Қазақстанның арнайы жасағы Дубайда жеңіс тұғырына көтерілді

Дубайда өткен арнайы жасақтар арасындағы UAE SWAT Challenge халықаралық жарысында қазақстандық командалар қос жүлдемен оралды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің үздіктерін басып озған сарбаздарды жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Терроризмге қарсы бөлімшелердің басын қосқан айтулы додада «Kazakhstan C» командасы абсолютті чемпион атанса, «Kazakhstan A» командасы жалпы есепте күміс жүлдегер болды. Бұл – әлемнің 48 елінен жиналған 109 команда арасындағы теңдессіз нәтиже.

Мемлекет басшысы Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы мен отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген зор ерік-жігерін ерекше атап өтті.

Президент мұндай ауқымды жарыста ел намысын абыроймен қорғаған жауынгерлерге лайықты құрмет көрсетілетінін жеткізді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада едені тесік автобус жүргізушісі жолаушылар тасымалдаған

Астана тұрғыны жолаушылар автобусының еденіндегі тесікті байқап, бейнежазбаны Threads әлеуметтік желісінде жариялады.

БҚО-да «Ұлы өнердің ұлы арнасы» атты республикалық байқау өтті.

Қасиетті домбыраның үнімен дүйім жұртты тәнті еткен республикалық домбырашылар байқауының күй астанасы ауданымызда өткені мерейімізді…

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…