Categories Қаржы

22 мың дәрілік препараттың айналымына шектеу қойылды

Сурет: Ашық дереккөз

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ІІМ ауқымды жұмыстар жүргізуде. 15-19 маусым аралығында республика бойынша «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Тексерудің негізгі мақсаты – есірткі, прекурсорлар мен психотроптық заттардың заңды айналымын бақылау, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, іс-шара барысында есірткімен жұмыс істейтін 1 мыңнан астам заңды тұлға тексерілді. Барлығы 31 қылмыстық іс қозғалды, оның 21-і күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына, 10-ы дәрілік препараттарды рецептсіз сатқан дәріхана фармацевтеріне қатысты.

Өнеркәсіп саласында 4,6 мың тонна әртүрлі прекурсорлардың заңсыз айналымы шектеліп, 86 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Медицина саласында құрамында есірткі бар 22 мың дәрілік препараттың айналымына шектеу қойылып, 120 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.

Астанада құрамында есірткі бар препараттарды заңсыз айналымға шығарған фитнес-клуб жаттықтырушылары – екі қала тұрғыны ұсталды. Өскеменде «Wildberries» маркетплейсімен бірлескен жұмыс нәтижесінде құрамында сибутрамин заты бар арықтауға арналған ББҚ өнімдерін жеткізу арнасының жолы кесілді. Алматыда күшті әсер ететін дәрілерді рецептсіз сатқан дәріхана қызметкерлері ұсталып, олардан 3,3 мыңнан астам өнім тәркіленді.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды қолданатын дәрі-дәрмектері мен препараттарына мұқият болуға шақырады. Заңды тұлғаларға бақылаудағы заттарды сақтау, тасымалдау және сату нормаларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Ұқсас жазбалар

Денсаулық сақтау министрлігі 2027 жылға дәрі-дәрмек сатып алуды мерзімінен бұрын бастады

Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистрибьютормен бірлесіп, 2027 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып…

Астанада Apple Store үлгісіндегі Smart Point цифрлық кеңсесі ашылды

Астанада Apple Store үлгісіндегі Smart Point цифрлық кеңсесі ашылды. Мұнда басты назар құжаттарды өз бетінше…

Курчатовта қуаты 700 МВт жаңа электр стансасының құрылысы басталды

Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр стансасының құрылысы басталды. Жобаның басталуына орай…