Categories Саясат

Неміс депутаттары жалақыны көтеруден бас тартты

Сурет: DW

Бундестаг 2026 жылы парламент мүшелерінің жалақысын көтеру жоспарынан бас тартады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, тиісті заң жобасы 11 маусымға жоспарланған парламент отырысының күн тәртібіне енгізілген. Шешім қабылдауға биліктегі ХДС/ХСС және СДП фракциялары бастамашы болды. Олар сайлаушыларға қазіргі күрделі қаржылық-экономикалық жағдайда шығындарды қысқартуға дайын екендіктерін көрсеткісі келеді.

Билеуші фракциялар бюджет қысымы кезінде парламент депутаттары шығындарды азайтуға «өз үлестерін қосуы» керек екенін атап көрсетеді. Оппозициялық партиялар – «Жасылдар», «Германия үшін балама» және «Солшылдар» да өсімге қарсы. Осылайша бұл мәселе кең саяси қолдауға ие болды.

Бұрын парламенттің барлық 630 депутатының жалақысы айына 500 еуроға артып, 12 330 еуроға жетеді деп болжанған. Бұл өсім Германиядағы жалақының өсуіне негізделген автоматты түрде есептеледі. YouGov сауалнамасына сәйкес, немістердің 85%-ы да парламенттік жалақыны көтеруге қарсы.

Ұқсас жазбалар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық: кімдер кешірімге ілігеді

Биыл жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты елімізде кезекті рақымшылық науқаны жүргізіледі. Бұл жолы қылмыстық жауапкершілікке тартылғандармен…

Мәжіліс төрағасы Қырғыз Парламентінің спикерін қабылдады

Қырғыз Парламентінің спикері Марлен Маматалиев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келіп, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен…

Қазақстан мен Қырғызстан парламентаралық ынтымақтастықты нығайтпақ

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықты дамыту…