Categories Саясат

Армения ОСК парламент сайлауының түпкілікті нәтижесін жариялады

Сурет: ЖИ

Арменияның Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының соңғы қорытындыларын жариялады. Нәтижесінде «Азаматтық келісім» партиясы жаңа үкімет құру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Армения ОСК мәліметінше, сайлауға 1 миллион 476 мың 769 адам қатысқан. Бұл жалпы сайлаушылар санының 58,9 пайызын құрайды.

Дауыс берудің түпкілікті нәтижесіне сәйкес, Ұлттық жиналысқа келесі саяси күштер өтті: «Азаматтық келісім» партиясы – 49,745%; «Күшті Армения» блогы – 23,271%; Ал «Гүлденген Армения» партиясы дауыстарды қайта санау қорытындысы бойынша 3,989 пайыз дауыс жинап, парламентке өту үшін белгіленген 4 пайыздық сайлау межесінен өте алмады.

Еске салсақ, Арменияда парламент сайлауы 7 маусым күні өтті. Алдын ала қорытындылар бойынша елдің премьер-министрі Никол Пашинян жетекшілік ететін «Азаматтық келісім» партиясы жеңіске жеткен болатын.

Ұқсас жазбалар

«Respublica» партиясының съезінде жаңа Конституцияға сәйкес Жарғы бекітілді

«Respublica» партиясының съезінде делегаттар жаңа Конституцияға сәйкес Жарғыны бекітті.

«Әділет» партиясы III кезектен тыс Съезін өткізеді

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның III кезектен тыс Съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Respublica партиясы сайлауалды науқанға ресми түрде кірісті

Астанада Respublica партиясының кезектен тыс съезі өтті. Делегаттар партияның алдағы даму бағытын айқындап, алдағы электоралды…