Categories Жайық news

Ираннан күтпеген ескерту: Украина «заңды әскери нысанаға» айналуы мүмкін

Иран Украина аумағына соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеді, бұған Киевтің Израильге әскери көмек көрсетуі себеп болып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы мәлімдеді. Оның айтуынша, егер Украина билігі Израильге, әсіресе дрон жеткізу арқылы қолдау көрсетуді жалғастырса, Тегеран үшін заңды нысанаға айналады.

«Егер Киевтегі билік Израильге әскери көмек көрсетуді жалғастырса, Украина аумағы Иран үшін заңды әскери нысанаға айналуы мүмкін», – делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский өз елінің Таяу Шығыс мемлекеттерімен ирандық дрондарға қарсы қорғаныс саласындағы ынтымақтастығын күшейткенін хабарлаған. Ол украиналық мамандар мен дронға қарсы тосқауыл жүйелері Иордания аумағына жіберілгенін атап өткен.

Зеленскийдің сөзінше, Украинадан осындай әскери көмек сұраған елдер саны 11-ге жеткен. Олардың қатарында Еуропа мен Таяу Шығыстың бірқатар мемлекеті бар. Сонымен қатар Сауд Арабиясы да Украинамен қорғаныс саласындағы серіктестікке қызығушылық білдірген.

Қазіргі таңда Ресей мен Иран әскери салада тығыз ынтымақтастық орнатқан. Киевтің дерегінше, Тегеран Мәскеуге мыңдаған «Шахед» дронын, сондай-ақ оларды өндіру технологияларын берген. Бұл дрондар Украинаға қарсы соғыста белсенді қолданылып келеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Жалаңаш фото жіберген: Қазақстанда бала саудагерлеріне қатысты сот үкімі шықты

Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары кәмелетке толмаған балаларды сатып, олардың суреттерін шетелдіктерге жібергені үшін сотталды.

Трамп күтпеген мәлімдеме жасады: АҚШ пен Иран уақытша бітімге келді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Келіссөздер Пәкістанда…

БҚО-да жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрады

Облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюповтың төрағалығымен өткен кеңесте жұмыспен қамтудың белсенді шараларының І…