Categories Әлем

АҚШ пен Иран 60 күн ішінде түпкілікті келісімге келуі мүмкін

Сурет: istockphoto.com

Axios басылымы АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның мәтінін жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құжат бойынша, тараптар алдағы 60 күнде түпкілікті келісімге келуі керек. Осы кезеңде Тегеран Ормуз бұғазын ашуға, ал Вашингтон теңіз блокадасын тоқтатуға міндетті. Сондай-ақ екі ел бір-бірінің егемендігін құрметтеп, ішкі істеріне араласпауға уәделескен.

Меморандум Иранның ядролық қарудан бас тартуын және санкцияларды толық жою мәселесін де қамтиды. Сонымен қатар Иранды қалпына келтіру мен экономикасын жандандыру жоспарын әзірлеу қарастырылған. Түпкілікті келісімді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бекітеді деп жоспарлануда.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…