Categories Жайық news

Оралдық Тоқтар Әубәкіров бүлдіршінді судан құтқарып қалды

Оқыс оқиға 2025 жылғы 31 мамыр күні сағат 17:00 шамасында «Ақжол» демалыс орталығында орын алды. Қызметтен тыс, демалыс күні өзінің отбасымен демалыс орнында болған Орал қаласы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Тоқтар Әубәкіров ана-анасының қарауынсыз қалған 2019 жылы туған баланың суға тұншығып, батып бара жатқан жерінен құтқарып қалды. Қызметкердің жедел әрекетінің арқасында 5 жасар бала ажалдан аман қалды. Осыны ескерген БҚО ТЖ Департамент басшылығы 5 жасар бүлдіршінді ажалдан аман алып қалған Тоқтар Әубәкіровті Алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық табыс етті.

Ұқсас жазбалар

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ   Оралда санитарлық-экологиялық айлық аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен…

Мұнай бағасы 18 жылдағы рекордты жаңартты: сарапшылар не дейді?

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 2008 жылғы дағдарыстан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылар бағаның 2026…

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді: Дүмпу Ауғанстаннан жеткен

Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше облыста жер дүмпуі сезілді. Эпицентрі Ауғанстанда орналасқан жер сілкінісінің күші 2 балл…