Categories Қаржы

1 шілдеден бастап ипотека ала алмайтындар: жаңа талаптар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда ипотека беру тәртібі күрт өзгереді. Енді кейбір санаттағы азаматтарға ипотекалық несие берілмейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа ереже бойынша, екінші немесе одан көп ипотекасы бар азаматтарға несие рәсімдеуге тыйым салынады. Бұл шара – халықтың қарыз жүктемесін азайту мақсатында қабылданып отыр.

«Біз азаматтардың төлем қабілетін ескере отырып, ипотекалық несиелеу жүйесін жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Жаңа талаптар алаяқтықтың алдын алып, нарықты тұрақтандырады», – деді Қаржы нарығын реттеу агенттігінің өкілі.

Сондай-ақ, алғашқы жарнасы 20 пайыздан төмен болған жағдайда да ипотека берілмейді. Бұл – банктердің тәуекелін азайту үшін жасалып отырған қадам.

Жаңа өзгерістер тек 2026 жылдың ортасынан бастап күшіне енеді. Осы уақытқа дейін үміткерлер қазіргі талаптар бойынша ипотека рәсімдей алады.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы нөсерлік кәріз жүйелерін күтіп ұстауға 1,7 млрд теңге бөлінеді

Астана қаласының нөсерлік кәріз жүйелерін күтіп ұстау, пайдалану және тазалау жұмыстарына 1,7 миллиард теңгеден астам…

Астана мен Алматыдағы шетел валютасының бүгінгі бағамы

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы белгілі болды.

SpaceX IPO-сы 4 мыңнан астам қызметкерді миллионер етеді

SpaceX IPO-сы 4,4 мыңнан астам қызметкерді миллионер етеді, ал 400-ге жуық адам 100 миллион доллардан…