«Реал Мадрид» Қазақстанға келе жатыр

УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы қарсаңында мадридтік клубтың Алматыға аттанатын құрамы жарияланды.

Тізімде Тибо Куртуа, Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Федерико Вальверде, Арда Гюлер, Родриго Гоэс, Джуд Беллингем сынды жұлдыздар бар.

Клуб өкілдерінің мәліметінше, «Реал» футболшылары бүгін жолға шығып, Алматыға 28 қыркүйек күні түнгі 00:50-де қонады.

Көптен күткен матч 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Кездесу Астана уақытымен 21:45-те басталады.

Ұқсас жазбалар

8 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 8 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына қатысты ескерту шығарды. Аптап ыстық, жаңбыр, дауыл…

Бішкекте ұшақ апаты: «Манас» әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды

Бішкектегі «Манас» әуежайында Tez Jet ұшағы қону кезінде шассиі сынып, сол қанатына қисайып қалды. Жолаушылар…

Астанада Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртенді

Астананың Нұра ауданында Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртеніп, құтқарушылар өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі…