Categories Жайық news

Жердің жаңа көрінісі: Байқоңырдан аттанған жерсерік алғашқы кадрларын жолдады

12 ақпанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған ресейлік «Электро-Л» №5 метеорологиялық жерсерігі Жердің алғашқы суреттерін сәтті түсіріп, орталыққа жіберді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Роскосмос» мәліметінше, ғарыш аппараты экватордан шамамен 36 мың шақырым биіктіктегі геостационарлық орбитаға шығарылған. Қазіргі уақытта оның барлық жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр.

Жарияланған алғашқы кадрларда Үнді мұхиты мен Солтүстік және Оңтүстік Америкадан басқа барлық құрлықтардың бейнесі көрінеді. Бұл суреттер Жерді 10 түрлі арнада, соның ішінде адам көзіне көрінбейтін 7 инфрақызыл диапазонда түсіру арқылы алынған.

Аталған жерсеріктің ажыратымдылығы 1-4 км/пиксельді құрайды. Ол жинаған деректер «Росгидромет» орталықтарына жіберіліп, ауа райын болжау және табиғи апаттарды (өрт, су тасқыны, жанартау атқылауы) бақылау үшін пайдаланылатын болады.

Мамандардың айтуынша, жерсеріктің оптикалық жүйелерін толық баптау процесі әлі жалғасып жатыр және оған бірнеше ай уақыт кетуі мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…