Categories Жайық news

Қазгидромет: Елдің бір шетінде +7 жылы, екінші жағында -21 аяз болады

«Қазгидромет» РМК 2026 жылдың 1 ақпанына арналған ауа райы болжамын жария етті. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады, ал кей өңірлерде жауын-шашын, көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында жауын-шашынсыз, аздап бұлтты күн болады. Ауа температурасы түнде -13…-21 градусқа дейін төмендейді. Ал Қостанайда түнде және таңертең аздап қар жауып, тұман түседі.

Еліміздің орталығында да күн ашық болады. Қарағандыда жауын-шашын күтілмейді, күндіз -3…-5 градус. Алайда Жезқазғанда жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстанда, атап айтқанда Өскемен мен Семейде, күн ашық, бірақ түнде және таңертең тұман сақталады. Ауа температурасы түнде -13…-18 градус аралығында болады.

Батыс аймақтарда ауа райы әртүрлі. Оралда күндіз жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Атырау мен Ақтөбеде жауын-шашынсыз, бірақ тұман күтіледі. Ал Маңғыстау облысының орталығы Ақтауда күн ашық, ауа температурасы +7 градусқа дейін жылынады.

Оңтүстік өңірлерде де жылы ауа райы сақталады. Шымкентте түнде және таңертең жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз +11…+13 градус. Түркістанда жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Тараз бен Қызылордада да жауын-шашын мен тұман күтіледі.

Алматыда күн жауын-шашынсыз, күндіз +4…+6 градус жылы. Астанада да күн ашық, бірақ аязды: түнде -16…-18, күндіз -5…-7 градус болады.

Ұқсас жазбалар

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…