Categories Көңіл ашар

Балалар күніне орай үш қалада отандық фильмдер тегін көрсетілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Балаларды қорғау күніне орай Астана, Алматы және Екібастұз қалаларында отандық фильмдер мен анимациялық туындылар тегін көрсетілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараларды «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» киностудиясы жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырды.

Астанадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта және Екібастұздағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында мерекелік ойын-сауық бағдарламаларынан кейін көрерменге толықметражды «Алтын адам» анимациялық фильмі көрсетілді. Бұл туынды батылдық, әділдік, мейірімділік пен отансүйгіштік секілді құндылықтарды дәріптейді.

Алматыдағы «Арман» кинотеатрында көрсетілімдер екі залда қатар өтті. Қызыл залда былтыр жарық көрген қысқаметражды анимациялық фильмдер топтамасы, ал Көк залда балаларға арналған «Жабайы» көркем фильмі ұсынылды. Бұл фильм адам мен жануар арасындағы достық, қамқорлық пен адалдық тақырыптарын қозғайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени іс-шаралар балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, ұлттық кино мен анимация өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Аргентинада Лионель Мессидің 26 метрлік мүсіні ашылды

Аргентинада футболшы Лионель Мессиге арналған әлемдегі ең биік мүсіннің салтанатты ашылуы өтті.

Балқашта салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындалды

Balkhash Tour Fest – 2026 фестивалінде салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындалып, Қазақстан рекордтар…

Әлем кубогының финалында қазақстандық боксшылар кіммен жұдырықтасады?

Ертең, 21 маусымда Қытайда бокстан Әлем кубогының финалдық жекпе-жектері өтеді. Қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды.