Categories Жайық news

50 жылдық үзілістен соң: NASA Айға адам ұшыратын тарихи миссияның күнін бекітті

NASA 1972 жылдан кейін алғаш рет Айға адамдарды аттандыратын «Артемида II» миссиясын ресми түрде мақұлдап, ұшу уақытын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жарты ғасырлық үзілістен кейін Айды бетке алатын тарихи сапар 2026 жылдың 1 сәуіріне жоспарланған. Ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары қазірдің өзінде басталып кеткен.

Миссия экипажының құрамында төрт астронавт бар: америкалықтар Рид Уайзман, Виктор Гловер, Кристина Кох және Канада ғарыш агенттігінің өкілі Джереми Хансен. Қауіпсіздік шараларына сәйкес, астронавтар тобы ұшу алдындағы міндетті карантинге жіберілді.

Бұл миссия Айға қонуды көздемейді. Оның басты мақсаты – «Орион» ғарыш кемесімен Жер серігін айналып ұшып, болашақта Ай бетіне қонатын күрделі миссиялардың қауіпсіздігін тексеру. Бұл оқиға адамзаттың ғарышты игеру тарихындағы жаңа белес болмақ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…