Categories Шартарап

Астанада 700 велосипедші «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты

Астана іргесінде дәстүрлі жаппай велошеру өтіп, жазғы веломаусым ресми түрде ашылды. Шараға 700-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы шара тек спорттық жарыс қана емес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясымен ұштастырылды. Қатысушылар веложарыстан кейін қала көшелерін тазалауға атсалысты.

«Біз спорт пен экологияны біріктіргіміз келді. Велошеру – салауатты өмір салтын насихаттаса, тазалық акциясы қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырады», – деді ұйымдастырушылардың бірі.

Жарысқа қатысушылар 10 шақырымдық қашықтықты жүріп өтті. Ең жас велосипедшіге 5 жас, ал ең егдесіне 70 жас болды. Шара соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жазбалар

Уимблдон: Анна Данилина ширек финалға өте алмады

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Уимблдон турнирінің жұптық сынында ширек финалға шыға алмады.

Вьетнамда дурианнан жасалған ерекше тағамдар туристерге ұсынылады

Вьетнамда дуриан өсіретін үш елдің аспазы ерекше тағамдар әзірледі. Жаңа рецептерді Даклак провинциясындағы дуриан фестивалінде…

ЮНЕСКО Қазақстан халқын Домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Бұл мереке жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде…