Categories Әлем

Әзербайжанға үш жаңа бағыт ашылады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмысын тұрақты түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

16 маусымнан бастап AZAL әуе компаниясы Шымкент – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет жаңа тұрақты рейстерді бастады. Осының арқасында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы рейстер саны аптасына 30-дан 33-ке дейін өсті.

Сонымен қатар, әуе компаниясы Ақтөбе – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет және Атырау – Баку бағыты бойынша аптасына 4 рет тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Ұқсас жазбалар

Үндістандық жастар білім министрінің отставкасын талап етіп, Нью-Делиде лагерь құрды

Нью-Делиде «Cockroach Janta Party» жастар қозғалысы лагерь құрып, білім министрінің отставкасын талап етуде. Қозғалыс емтихан…

Иран делегациясы Швейцариядағы келіссөздерді жалғастырудан бас тартты

Иран делегациясы АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемелерінен кейін Бюргенштоктағы төрт жақты келіссөздерді жалғастырмау туралы шешім…

Францияда аптап ыстыққа байланысты қоғамдық орындарда ішімдік ішуге шектеу қойылды

Франция билігі аптап ыстыққа байланысты қоғамдық орындарда ішімдік ішуге шектеу қойды. Бұл туралы премьер-министр Себастьян…