Categories Спорт

ҚФФ Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрама бас бапкері қызметінен кеткенін растады

Сурет: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновтың ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Федерацияның баспасөз қызметі бұл шешімнің басшылық үшін оңай болмағанын айтып, Байсуфиновтың ұлттық құраманың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

«Команда тізгініндегі жұмысы барысында Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңдері арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты. ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді», делінген ҚФФ хабарламасында.

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасын үшінші рет 2025 жылдың қыркүйек айының соңында қабылдаған. Ол бастапқыда Әли Әлиевтің орнына уақытша бас бапкер болып тағайындалды. Төрт сәтті матчтан кейін, оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы үш ойында жеңілмеген соң, ол ұлттық құраманың толыққанды бас бапкері атанды.

Футбол федерациясы бапкерлер штабын жасақтау бойынша өзгерістер қосымша хабарланатынын жеткізді. Бұған дейін Талғат Байсуфиновтың қызметтен кеткені туралы ақпаратты журналист Елдар Аманбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған болатын. Ізінше ҚФФ баспасөз қызметі жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасатындығын айтқан еді.

Ұқсас жазбалар

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім…

АҚШ Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өтті.

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды, оның 4-уі алтын, 5-еуі күміс, 11-і…