Қатардағы зауытта жарылыс болды, зардап шеккендер жоқ

Сурет: Report

Доха қаласының солтүстік-шығысындағы Рас-Лаффан өнеркәсіптік аймағында орналасқан зауыттардың бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қатар Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде жарылыс жергілікті сипатта болғаны айтылған. Азаматтық қорғаныс күштері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ведомство зардап шеккендер мен газдың немесе басқа заттардың сыртқа шығу фактілері тіркелмегенін хабарлады.

Ал ТАСС агенттігінің мәліметінше, жарылыстан бірнеше адам зардап шеккен. Рас-Лаффан аймағында Қатардың сұйытылған табиғи газ өндіретін негізгі нысандары орналасқан.

Ұқсас жазбалар

22 маусымда еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

22 маусымда Алматы, Талдықорған, Теміртау және Қарағанды қалаларында ауа сапасы нашарлайды деп күтілуде.

Ерлан Қарин Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёевамен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёевамен кездесу өткізді.

17 өңір мен Астанада күн райына байланысты ескерту жарияланды

22 маусымда Қазгидромет 17 облыс пен Астана қаласында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, елдің басым…