Сурет: Fifa.com
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының H тобында Испания құрамасы Сауд Арабиясын 4:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алғашқы турда Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түскен испандықтар бұл жолы ұпай жоғалтпауға тырысты. Ойын басталғаннан бастап шабуылға шыққан олар 10-минутта мақсатына жетті. Жас жұлдыз Ламин Ямал мансабындағы әлем біріншілігіндегі алғашқы голын соқты.
21-минутта Микель Оярсабаль есепті еселеді, ал 24-минутта ол екінші голын соқты. 49-минутта Сауд Арабиясының ойыншысы Хассан Аль-Тамбакти өз қақпасына гол соғып алды.
Осылайша Испания 4:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесінде 4 ұпаймен бірінші орынға шықты. Кейінірек Қазақстан уақытымен 03:00-де Кабо-Верде мен Уругвай, 22 маусымда 00:00-де Бельгия мен Иран, 06:00-де Жаңа Зеландия мен Мысыр ойнайды.

