Сурет: Алексей Колесников/Pexels
Бүгін, 27 маусымда Қазақстандағы мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Экология министрлігінің мәліметінше, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында екі өрт болған. Барлық өрт ошағы орман күзеті мен жұмылдырылған қызметтердің бірлескен әрекетінің арқасында уақытылы анықталып, жедел сөндірілді.
Өрттердің негізгі себебі — найзағай разрядтары.
Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға және еліміздің орман байлығына ұқыпты қарауға шақырамыз. Орманды бірге сақтайық! — делінген хабарламада.
Биыл мемлекеттік орман қорында 0,41 гектар аумақты қамтыған үш өрт тіркелген.

