Categories Шартарап

Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды: кім сатып алды?

Сурет: Ашық дереккөз

Париждегі Арткюриаль аукцион үйінде Эйфель мұнарасының баспалдағының бір бөлігі 450 мың еуроға сатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл баспалдақ мұнараның алғашқы құрылысы кезінде, 1889 жылы орнатылған. Ол мұнараның екінші деңгейіне апаратын 24 баспалдақтың бірі.

Аукционға қойылған бөлігінің ұзындығы 4,5 метр, салмағы 700 келі. Сатып алушының есімі жарияланбады.

Эйфель мұнарасының баспалдақтары 1983 жылы жаңғырту жұмыстары кезінде алынып, кейіннен аукциондарда сатыла бастады. Бұл – тарихи мұраның бір бөлігі.

Ұқсас жазбалар

Мелания Трамптың деректі фильмі миллиондаған доллар табыс әкелді

Мелания Трамптың деректі фильмі кассалық табыс жағынан сәтсіз болса да, лицензиялық құқықтардан 10,71 млн доллар…

Астанада «Болашақ ойындары 2026» турнирінің аккредиттеу орталығы ашылады

8 шілдеде Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Болашақ ойындары 2026» турнирінің Аккредиттеу орталығы ашылады.

Қазақстан 2027 жылы киберспорттан әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2027 жылы IESF World Esports Championship 2027 киберспорттық әлем чемпионатын қабылдайды.