Тоқаев: Кипрлік бизнес Қазақстанда кәсіп ашуға ниетті, біз қолдаймыз

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр әріптесі Никос Христодулидиспен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Тараптар экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге келісті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде Кипр компанияларының Қазақстанда жаңа кәсіп ашуға деген қызығушылығы айтылды. Мемлекет басшысы бұл бастаманы қолдайтынын жеткізді.

«Біз кипрлік инвесторлардың елімізге келіп, бизнес ашу ниетін құптаймыз. Бұл – екіжақты қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды. Кездесу нәтижесінде бірқатар келісімге қол қойылды.

Ұқсас жазбалар

Үндістандағы көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тапты

Үндістанның Махараштра штатында нөсер жаңбырдан болған көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тауып, 10…

14 облыста аптап ыстық күтіледі — Қазгидромет

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін Қазақстанның 14 облысында қатты ыстық болады.

Алдағы күндері Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазгидромет 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде…