Сурет: Egemen Qazaqstan
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы нәтижелі пастар саны бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ширек финалда Швейцарияға қарсы ойында аргентиналық шабуылшы өзінің 10-шы голдық пасын берді. Осылайша Месси әлем чемпионаттарында бұл көрсеткішке жеткен алғашқы футболшы атанды.
Қазіргі уақытта Лионель Месси турнирдің үздік сұрмергені болып отыр. Алты әлем чемпионатына қатысқан аргентиналықтың еншісінде 21 гол бар.
Аргентина мен Швейцария арасындағы ширек финалдық кездесу АҚШ-тың Канзас-Сити қаласындағы «Эрроухед» стадионында өтті. Негізгі уақыт тең есеппен аяқталды. Аргентина сапынан Алексис Мак Аллистер, ал Швейцариядан Ндой гол соқты. 72-минутта швейцариялық Эмболо екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.
Сан басымдығын пайдаланған аргентиналықтар қосымша уақытта жеңіске жетті. 112-минутта Хулиан Альварес Аргентинаны алға шығарса, матчтың соңғы минутында Лаутаро Мартинес тағы бір гол соғып, нүкте қойды.
Жартылай финалда аргентиналықтар Норвегияны 2:1 есебімен жеңген Англия құрамасымен кездеседі.
Мазмұнға өту
