Categories Жайық news

Илон Масктің интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды

2025 жылғы 13 тамыздан бастап SpaceX компаниясына тиесілі Starlink спутниктік интернеті Қазақстанда ресми түрде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Бұл ақпаратты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі растады.

Ведомство мәліметінше, Starlink технологиясы елдің ең алыс және қолжетімсіз аймақтарында да жоғары жылдамдықты әрі тұрақты интернетке қосылуды қамтамасыз етеді. Бұл қызмет төмен орбитадағы спутниктер желісі арқылы жүзеге асады.

Министрлік 12 маусымда Starlink компаниясымен Қазақстан заңнамасын сақтау міндеттемелерін бекіткен келісімге қол қойғанын еске салды.

Starlink тарифтерімен компанияның ресми сайтында — starlink.com — танысуға болады.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…