Сурет: akipress.org
Қазақстандық танымал кардиохирург Сейітхан Жошыбаев Қырғыз Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы – «Манас» III дәрежелі орденіне ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Марапатты Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров табыс етті. Бұл – дәрігердің медицина саласындағы көпжылдық еңбегі мен жүрек-қан тамырлары хирургиясын дамытуға қосқан үлесіне берілген жоғары баға.
Сейітхан Жошыбаев марапатты халыққа қызмет етудің нәтижесі әрі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы медициналық және кәсіби байланыстың айқын көрінісі ретінде қабылдайтынын атап өтті.
«Дәрігер үшін ең үлкен марапат – науқастың өмірін сақтап қалу, оның отбасына қуаныш сыйлау», деді кардиохирург.
Айта кетейік, Сейітхан Жошыбаев қазіргі уақытта Тараз қаласындағы «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының» директоры қызметін атқарады. Ол сондай-ақ Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар медицина мамандарын наградтағанын еске саламыз.
