Categories Қоғам

Маңғыстауда есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталып, 20 келі марихуана тәркіленді

Сурет: Polisia.kz

Маңғыстау облысында заңсыз есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталып, 20 келіге жуық марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қарасора» және «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен және Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментінің 5-басқармасымен бірлесіп кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Нәтижесінде Ақтау қаласындағы базарлардың бірінің аумағында аса ірі мөлшерде есірткі затын заңсыз сақтады деген күдікті ұсталды. Тергеу барысында күдікті пайдаланған қоймадан өсімдік тектес есірткі заттары анықталып, тәркіленді. Сондай-ақ оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары мен оларды пайдалануға арналған құралдар табылды.

Кейінгі жедел іс-шаралар барысында аталған дерекке қатысы бар тағы бір азамат анықталып, ұсталды. Сот-сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың марихуана екені анықталды. Оның жалпы салмағы шамамен 20 келіні құрап, аса ірі мөлшерге жатады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын және есірткі жеткізу арналарының ықтимал жолдарын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда.

Ұқсас жазбалар

ҰБТ: ереже бұзған 300-ге жуық талапкердің нәтижесі жойылды

ҰБТ-ны өткізудің 7 аптасында 715 ереже бұзушылық анықталды. 422 талапкер тыйым салынған заттар үшін шеттетілді,…

Жекеменшік мектептерді қаржыландыру тәртібі өзгереді: мұғалімдер жұмыссыз қалмайды

Қазақстанда жекеменшік білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру тетігі өзгереді. Вице-министр Жайық Шарабасов мұғалімдердің жұмыссыз қалмайтынын…

Бокстан U19 және U23 Азия чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Қазақстан бокс федерациясы U19 және U23 Азия чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Жарыс 3-16 шілде…