Categories Жайық news

Хабиб Ресейдегі барлық бизнесінен бас тартты: Мемлекеттік Дума мәлімдеме жасады

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Ресейдегі барлық кәсібін тоқтатып, инвестициясын Біріккен Араб Әмірліктеріне ауыстырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Спортшының бұл қадамы қоғамда қызу талқыланып, оған қатысты Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Ирина Роднина пікір білдірді. Ол Нұрмагомедовтың шешімінен ешқандай заң бұзушылық көріп отырмағанын атап өтті.

«Оның басқа елде бизнеспен айналысуға толық құқығы бар. Бұл жерде заңға қайшы ештеңе жоқ. Әркім өз қаражатын қалаған жеріне салуға ерікті», – деді Роднина.

Ашық дереккөздерге сәйкес, Хабиб Нұрмагомедовтың Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жобаларынан түсетін жылдық табысы шамамен 46 миллион долларға жетуі мүмкін. Спорттық мансабын аяқтаған соң ол түрлі бизнес салаларына, соның ішінде IT, жылжымайтын мүлік және ауыл шаруашылығына белсенді инвестиция салып келеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…