МӘМС ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АЙДЫН ҚҰЛСЕЙІТОВ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов лауазымынан кетті. Ол бұл қызметте небәрі жарты жыл ғана жұмыс істеген еді. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі ресми түрде растады.

Ведомство мәліметінше, жалғыз акционердің шешімімен «ӘМСҚ» КЕАҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітовтің өкілеттігі 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Қордың жаңа басшысы кім болатыны әзірге белгісіз. Бұл бағытта ресми тағайындау туралы ақпарат кейінірек жарияланмақ.

Сурет: ашық дереккөз

Ұқсас жазбалар

Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға қол қойды

Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға қол қойды. Құжат мүдделер қақтығысын реттеу, комплаенс-қызметтердің дербестігін күшейту және…

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей күнімен құттықтап, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.

Президент педагог мәртебесі туралы заңдарға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесіне қатысты екі заңға қол қойды.