Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысына көңіл айтты: тау-кен апатына байланысты жеделхат жолдады

Сурет: Aikyn.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл – тау-кен кенішінде болған қайғылы оқиғаға байланысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, жеделхатта Мемлекет басшысы Қытайдың Ляонин провинциясындағы тау-кен кенішінде болған апат салдарынан адам шығынына байланысты қайғырып, көңіл айтқан.

«Қазақстан халқы мен өз атымнан осы ауыр қайғы-қасіретке ортақтасып, қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Тоқаев сонымен қатар зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

Ұқсас жазбалар

14 облыста аптап ыстық күтіледі — Қазгидромет

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін Қазақстанның 14 облысында қатты ыстық болады.

Алдағы күндері Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазгидромет 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде…

Алматыда күдікті адамды тұрғындар ұстап, полицияға тапсырды

Алматының Түрксіб ауданында күдікті ер адам ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған…