Categories Жайық news

Оралда бизнестің қолдауымен қала көркейіп келеді

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменовтің айтуынша, қала келбетін жақсарту мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру — баршаға ортақ міндет. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалармен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі де маңызды рөл атқарып отыр.

Бүгінде демеушілердің қолдауымен Оралда бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Құрылысшылар, Мұнайшылар, Жұбан, Пушкин, Тоқай және Савичев тынымбақтарында жөндеу жұмыстары басталды. Мұнда жаңа жарық шамдары орнатылып, орындықтар жаңартылуда. Бұл тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасайды.

Сонымен қатар, демеушілер есебінен Назарбаев даңғылы бойындағы 20 тұрғын үйдің қасбеттері жаңартылып, сырланып жатыр. Бұл жұмыстар қала орталығының эстетикалық келбетін жақсартумен қатар, тарихи ғимараттардың сәулеттік ерекшелігін сақтауға бағытталған.

Әкімнің айтуынша, мұндай жобалар бизнестің қаланың дамуына бейжай қарамай, өз үлесін қосып отырғанының көрінісі.
«Бірлесе әрекет еткенде ғана Оралды одан әрі жайлы, әсем, заманауи қалаға айналдыра аламыз», — деді Мұрат Байменов.

Бердалы Ораз / Жайық тілшісі

Ұқсас жазбалар

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі…