Сурет: Астана тұрақ кеңістігі
Астанадағы ақылы автотұрақтар мемлекет меншігіне берілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Астана қаласының автотұрақ кеңістігі» компаниясы әкімдікке қарасты Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының құрамына қосылды. Енді жүргізушілер UIMS Parking мобильді қосымшасы мен веб-портал арқылы төлем жасай алады.
Дерекқорға барлық қолданыстағы жеңілдіктер мен бұрын рәсімделген абонементтер енгізілді. Жеке шоттардағы қаражат қалдығы сақталады. Бұрынғы төлем әдістері мен ақпараттық тақталардағы QR-кодтар да жұмыс істей береді.
Алматыда автотұрақты тегін пайдалануға мүмкіндік беретін жеңілдік бар. Оны алу үшін көлік иелері арнайы талаптарға сай болып, өтінім беруі қажет.
