Қоғам

Астанада есірткі таратқан 26 жастағы ер адам ұсталды

Сурет: Polisia.kz

Астана қаласында есірткі заттарын сақтап, таратты деп күдікке ілінген 26 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті екі жасырын орыннан есірткі заттарын алып жатқан кезде ұсталған. Аталған орындардан қала аумағында таратуға арналған тыйым салынған заттары бар 100-ден астам орама тәркіленді.

Кейін күдіктінің тұрғылықты жері тінтілді. Тінту барысында аяқ киім қорабының ішінен ақ түсті, ұнтақ тәрізді, өзіне тән иісі бар, мефедрон мен альфа-PVP-ге ұқсас заттар салынған қосымша орамалар анықталды. Орамалардың сырты түрлі түсті оқшаулағыш таспамен оралған.

Анықталған заттардың барлығы тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр.

Полиция есірткі заттарын сақтау, өткізу және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Құқық қорғау органдары есірткі заттарын таратудың жолын кесуге, оның ішінде «жасырын орындарға» есірткі жасыру арқылы тарату арналарының жолын анықтауға және тоқтатуға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Алматыда есірткі сақтаған екі жасөспірім ұсталды.

Көп оқылғандар