Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен адам қайтыс болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада көліктегі газ баллонының жарылуынан зардап шеккен адам көз жұмды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елорданың Сарайшық ауданындағы Қасым Аманжолов көшесінде автокөлікте газ баллоны жарылған еді. Жарылыстан кейін көлік толықтай өртеніп, маңындағы бірнеше автокөлікке де зақым келді.

Зардап шеккендердің бірі денесінің 90–95 пайызы күйіп, №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, науқас алған ауыр жарақаттарынан қайтыс болды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр, тергеу жалғасуда.

Ұқсас жазбалар

Найзағайдан үш орман өртенді

Бүгін, 27 маусымда Қазақстандағы мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Астанада екі көшеде көлік қозғалысына 1 шілдеге дейін шектеу қойылды

Астанада екі көшенің жалғасқан учаскелерінде 1 шілдеге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне 15 пәтер кілті табысталды. Шараға Президент кеңесшісі Айбек Смадияров қатысты.