Сурет: ашық дереккөз
Астанада №43 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі жақындарын автобусқа кіргізу үшін ұстап тұрған ер адамды есікке қысып қалған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жанжалдан кейін жүргізуші балағат сөздер айтып, жолаушылардың барлығын салоннан түсіріп, автобусты жүргізіп кеткен. Жолаушының бірі оқиғаны телефон камерасына түсіріп алған. Бейнежазба Threads желісінде жарияланды.
«Жүргізуші күйеуімді қысып қалды. Ол есікті мені балаларымызбен бірге автобусқа кіргізу үшін ұстап тұрған еді. Балалар тіпті автобусқа кіріп үлгермеді. Жолаушылар ескерту жасағанда, жүргізуші балағат сөздер айтып, барлығын салоннан түсіріп, кетіп қалды. №43 бағыт, Астана (137 CI 01)», деп жазды Threads желісінің қолдаушысы.
Кадрларда жүргізуші мен ер адамның сөзге келіп қалғаны көрінеді. Жанжал кезінде тараптар балағат сөздер айтқан.
Айта кетейік, Астанада жолаушылар автобустың еденіндегі тесікті байқап, оны видеоға түсірген. Елорда тұрғыны бейнежазбаны Threads әлеуметтік желісінде жариялаған.
