Categories Әлем

Ford 255 мыңнан астам Focus көлігін кері қайтарады

Сурет: AP

Америкалық Ford Motor Company компаниясы 2012–2018 жылдары шығарылған 255 404 дана Focus автокөлігін кері қайтару туралы хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қайта шақыруға көлік жүріп келе жатқанда қозғалтқыштың кенеттен өшуіне әкелетін ақау себеп болған. Бұл жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады. Компания мәліметінше, мәселе адсорберді үрлеу клапанының ақауына байланысты.

Кері қайтару науқанына осыған ұқсас ақауға байланысты бұрын басқа сервистік бағдарлама аясында жөндеуден өткен автокөліктер де кірді. Ford өкілдерінің айтуынша, бұрын қабылданған шаралар тәуекелді толық жою үшін жеткіліксіз болған.

Мәселені шешу үшін дилерлік орталықтар трансмиссияның бағдарламалық жасақтамасын тегін жаңартады. Көлік иелеріне хабарламалар 6 шілдеден бастап жіберіледі. Осы күннен кейін олар көлігінің кері қайтару науқанына қатысы бар-жоғын VIN-код арқылы АҚШ-тың Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы сайтынан тексере алады.

Компания қосымша ақпарат алу үшін көлік иелері Ford-тың қолдау қызметіне жүгіне алатынын хабарлады.

Ұқсас жазбалар

АҚШ пен Иран 60 күн ішінде түпкілікті келісімге келуі мүмкін

Axios басылымы АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның мәтінін жариялады.

Мәскеудегі мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылына ұшырады

18 маусымға қараған түні Мәскеу мен Мәскеу облысы қақтығыс басталғалы бергі ең ауқымды ұшқышсыз ұшу…

АҚШ-та ұсталған қазақстандық кепілмен босатылды

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейге қатысты пікір білдірді.