Спорт

Англия қосымша уақытта Норвегияны жеңіп, жартылай финалға өтті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Англия құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Норвегияны қосымша уақытта 2:1 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Майамиде өткен матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта ағылшындар жеңіс голын соғып, келесі кезеңге жолдама алды.

Есепті 36-минутта Норвегияның жартылай қорғаушысы Андреас Шельдеруп ашты. Бірақ бірінші таймның соңына таман, 45-минутта Англиядан Джуд Беллингем есепті теңестірді.

Негізгі уақыт жеңімпазды анықтай алмаған соң, ойын қосымша уақытқа жалғасты. 93-минутта Беллингем тағы да гол соғып, дубль жасап, Англияға жеңіс әперді.

Жартылай финалда Англия Аргентина мен Швейцария арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Көп оқылғандар